Хабар

Жалған теңгені шын ақшадан қалай ажыратуға болады?

Жалған ақша жасаушылар көбіне 2000 теңгелік банкнотты жиі қолдан жасайды.

2021 жылы Қазақстан ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 1 577 400 теңгенің 519 жалған ақша белгісін (513 банкнот және 6 монета) анықтады. Бұл 2020 жылға қарағанда 37%-ға аз (823 жалған ақша белгісі), деп хабарлайды ұлттық банк баспасөз қызметі.

Өткен жылы номиналы 2 000 теңгелік банкноттар қолдан көп жасалды – 340 дана, бұл – анықталған жалған ақшалардың жалпы санының 65%-ы. Одан кейін көп жасалған номинал – 5 000 теңгелік банкноттар – 94 дана (15%), 10 000 теңгелік банкнот – 36 дана (7%). Қалған 13% банкноттың басқа номиналдарына тиесілі.

Жалған банкноттардың көп бөлігі келесі қалаларда анықталды:

  • Алматы – 355 дана (жалпы санның 68%);
  • Нұр-Сұлтан – 54 дана;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 26 дана.

“Шынайы банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу маңызды. Қолдан жасалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқадағы қандай да бір белгілерді имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен дайындалады. “Сезін-қара-аударып көр” әдісін қолдана отырып, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкнотты анықтауға болады”, – делінген хабарламада.

Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар.

Біріншіден, ол өзіне тән дыбыспен ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар. Сонымен қатар барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын белгілер бар. 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік купюраларда банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түстес өңге өзгеретін қасиеті бар. Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде бір тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн.

Осы ерекшеліктердің өзі арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ, банкноттың түпнұсқалылығын тез арада тексеріп алуға мүмкіндік береді.

 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button