Хабар

30-40 градус ыстық: Күннен қалай қорғануға болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 30 градустан асып тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Осы ретте novoetv.kz сарапшылардың ыстықтан қалай қорғану керектігі туралы кеңестерін жариялайды.

«Күннің ысуынан келетін қауіп-қатер көп, адам өлімі көбейеді. Оның себебі, ыстық ауа ағзадағы қан айналым жүйесіне кері әсерін тигізеді. Ағзадағы су жоғалып, қан ұйып қалады. Салдарынан тромб түзіліп, тамырлар қысылады. Сондықтан, ыстық ауа райынан инфаркт, инсульт, қан ұйылу тәрізді қан-тамырлар ауруы көбейеді», – дейді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары.

Орталықтың алғашқы қағидасы – ғимарат ішіндегі салқын ауаны сақтау. Терезені айқара ашпай, перде мен жалюзиді түсіру қажет. Бұл жағдайда кондиционер таптырмас құрал болар еді, бірақ кондиционер жұмыс істеп тұрған бөлмеде екі сағаттан артық отыруға болмайды.

Екінші қағида – бас киім мен мақтадан тігілген ақшыл түсті киімдер киіп, көлеңкеде жүруге тырысу керек. Жазда міндетті түрде күннен қорғайтын көзілдірік кию қажет, себебі қан тамырларының қысылуынан көз бұлшықеттеріне қысым түсуі мүмкін.

Үшінші қағида – күн астында 11:00-ге дейін немесе 16:00-ден кейін ғана қыздырынуға болады. Күн астында бір жарым сағаттан артық жатпауға тырысыңыз және күннен қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз.

Төртінші қағида – ыстық ауа райында сұйықтықты көп ішіңіз және салқын душ қабылдаңыз. Бұл сұйықтық теңгерімін ұстауға көмектеседі.

Бесінші қағида – алкогольді ішімдіктер дене температурасын едәуір көтереді, сондықтан ыстық ауа райында алкогольді ішімдіктен бас тартқан жөн. Никотин қанға оттегінің келуіне кедергі жасайды, қан тамырларын кішірейтеді, сондықтан ыстық ауа райында шылым шегу де қауіпті.

Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда аптап ыстық болатындығын ескерткен еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button