Хабар

Қазақстанда аптап ыстық күшіне енеді деп болжануда

Синоптиктер 11-13 тамыз күндері Қазақстанда аптап ыстық болады деп болжауда.

Қазгидрометтің хабарлауынша, тропосферадағы ауа массаларының оңтүстік-батыс ағыны Қазақстанның басым бөлігіндегі ыстық ауа райына себеп болған.

Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінен өзге аймақтарда 9 тамыз күнгі ауа температурасы климаттық нормадан 4…8ºС жоғары болды.

Алдағы үш тәулікте де батыс пен солтүстік аудандарындағы өткінші жаңбырға қарамастан, аптап ыстық әлі де жалғасады. Әдеттегідей, максималды температура плюс 30…35ºС дейін, батыс, орталық және оңтүстікте 37-42ºС дейін көтеріледі. Шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстанда ауа температурасы әдеттегіден төмен, салқын ауа райы күтілуде, таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай ойнауы мүмкін.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button