Хабар

1 сәуірден бастап айыппұл туралы хабарлама eGov жеке кабинетіне және телефонға жіберіледі

Қазір хабарлама eGov.kz порталында тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.

2023 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі. Осыдан кейін айыппұлды төлеу туралы бұйрық жеткізілді деп есептеледі. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.

Қазір жүргізушілер атында айыппұлдың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан және кей банк қосымшаларынан тексере алады.

Сонымен қатар айыппұл туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталында тіркелген телефон нөміріне SMS түрінде жіберіледі. Алайда азаматтар порталға телефон нөмірін қате жазуы немесе өзгертіп жіберуі мүмкін. Соның салдарынан машинаны қайта тіркеу кезінде атында айыппұл барын білмей жатады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button