Хабар

“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының IV маусымына өтінімдер қабылданады

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдер 100janaesim.ruh.kz сайтында 15-ші наурызға дейін қабылданады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – бұл тәуелсіздік жылдарында табысқа қол жеткізген әр өңірден шыққан, түрлі жас пен ұлт өкілдері болып табылатын нақты адамдардың тарихы. 2017 жылы жобаның бастамашысы Елбасы Н.Назарбаев болды және биыл жоба жалғасын табады, біз Отанымыздың назар аударуға лайықты жаңа есімдерін білуіміз тиіс.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева атап өткендей, биыл жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр және халқымыз қатысушылардың еңбегін бағалауы тиіс, олардың көбі тәуелсіз Қазақстанда жеке тұлға ретінде қалыптасқан.

Жобаға елде де, одан тыс жерлерде де тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдерін қабылдау жеті номинация бойынша өтеді: медицина, білім, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыруы керек. Қатысушы дұрыс ақпарат беруге міндеттенеді. Құқық бұзушылықтар немесе өзге де бұрмалаушылықтар, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды асыру анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, содан кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру басталады. Жеңімпаздардың бір бөлігін көрнекті қоғам қайраткерлерінен, мәдениет, спорт өкілдерінен және кәсіпкерлерден тұратын қазылар алқасының мүшелері іріктейді. Биылғы жылы қазылар алқасының мүшелері арасында өткен жылдардағы жобаның жеңімпаздары да бар.

Дауыс беру кезінде ең көп балл жинаған және беделді қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жеңімпаз атанады.

Сәуір айында қазақстандықтар жоба жеңімпаздарының есімдерін біле алады.

ruh.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button