Хабар

Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты жаңа рекорд тіркелді

Жаз мезгілі басталғалы бері Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық орнады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің айтуынша, мамыр айынан бастап бірқатар өңірде ауа температурасына байланысты жаңа рекорд тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар ұсынған деректерге сәйкес:

1 мамырда Маңғыстау облысының Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді. Осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңарды;
Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максималды температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалған;
Атырау облысының Құлсары метеостанциясында термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты;
2 мамыр күні дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты;
Ал Батыс Қазақстан облысының Тайпақ метеостанциясында термометр бағаны +32,2°С белгісіне жеткен, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңарды;
11 мамырда Павлодар облысының Баянауыл метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +31,3°С тіркелді, осылайша 1976 жылғы рекорд (+30,0°С) жаңартылды;
Сондай-ақ Қарағанды облысының Жарық метеостанциясында максималды ауа температурасы +29,6°С дейін жетті, соңғы рет сол күні максималды температура 1991 жылы (+29,0°С) байқалды;
Қызылорда метеостанциясында термометр бағаны +35,6°С белгісіне жетті, бұл 2019 жылғы рекордты (+34,7°С) жаңартты;
27 мамыр күні Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +36,2°С болды, осылайша 2000 жылғы ауа температурасы +34,0°С құраған рекордынан асты;
30 мамыр күні Қостанай метеостанциясында термометр бағаны +34,9°С белгісіне жетті, осылайша 2021 жылғы рекорд (+34,5°С) жаңарды.

Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының басында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына ауа температурасының төмендеуі мен үсікке алып келген Шығыс Сібір ауданынан салқын ауа массалары жетті.

Мұндағы рекордтар:

2 мамырда түнде Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -6,8°С болды, осылайша 1969 жылғы рекорд (-5,0°С) жаңартылды;
3 мамырда дәл осы метеостанцияда термометр бағаны -7,8°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 2002 жылы -3,7°С болды;
Шығыс Қазақстан облысының Риддер метеостанциясында ауа температурасының рекордтық көрсеткіші -5,2°С белгісіне жетті, бұл 1985 жылғы рекордты (-4,5°С) жаңартты;
4 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай метеостанциясында ауаның ең төменгі температурасы -8°С болды, осылайша 1997 жылғы ауа температурасы -5,1°С болған кездегі рекордтан асты;
5 мамырда Жамбыл облысы Тараз метеостанциясында термометр бағаны -1,1°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 1998 жылы +0,5°С құрады.

Одан бөлек республиканың оңтүстік-шығысында күшті желге байланысты алдын ала ескерту жарияланған еді. Мәселен, Достық автоматты метеорологиялық станциясында 1 мамырда дауылды жел (екпіні 42 м/с), 2 мамыр күні өте күшті жел (екпіні 33 м/с), 3 мамыр күні – екпіні 31 м/с болатын жел соқты.

Температуралық рекордтардан басқа мамыр айында жауын-шашыннан да бірқатар рекорд тіркелген.

16 мамырда Қызылорда облысының Қазалы метеостанциясында бір айлық нормасы 14 мм болған жағдайда 17 мм жауын-шашын жауды;
17 мамырда Түркістан облысының Тасты метеостанциясында 18 мм жауын-шашын жауды (бір айлық нормасы – 17 мм);
22 мамырда Жетісу облысының Жалаңашкөл метеостанциясында бір айлық норма 8 мм болған жағдайда бір тәулікте 10 мм жауын-шашын жауған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button