Хабар

Қарапайым адамнан құрылған экипаж тобы алғаш рет ғарышқа ұшты

Флориданың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан SpaceX Falcon 9 зымыран тасығышы Crew Dragon ғарыш кемесімен тарихта тұңғыш рет қарапайым адамдардан тұратын экипаж мүшелерін ғарышқа ұшырды.

30 наурызда компанияның Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға ұшатын экипаж мүшелерінің толық тізімін жариялады. Ерекшелігі, бұл экипаж мүшелерінің арасында кәсіби ғарышкер жоқ.

SpaceX ұшырылымды тікелей эфирде көрсетеді. Зымыран Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 20:03-те АҚШ-тың шығыс жағалауында сәрсенбіде (Нұр-Сұлтан уақытымен 06:03) ұшырылды.

Кеме капитаны, кәсіпкер Джаред Исаакман. Онымен бірге 29 жастағы Хейли Арсено, 51 жастағы кәсіпкер әйел Сиан Проктор және Lockheed Martin компаниясының өкілі, бұрынғы әскери ұшқыш, 41 жастағы Кристофер Семброски болады.

Болашақ миссия кезінде Арсено борт дәрігері, Проктор кеме ұшқышы, Семброски борт инженері болып жұмыс істейді.

Джаред Исаакман, 38 жаста, Shift4 төлемдерінің негізін қалаушы және әуесқой ұшқыш. Ол миссияның құнын толығымен өзі төлейді. Ғарышқа ұшуға қанша төлейтінін айтпаған.

Исаакман ғарышқа ұшуды АҚШ-тың Мемфис қаласындағы Джуд балалар ғылыми-зерттеу ауруханасына 200 миллион доллар жинау үшін пайдаланады. Ақпан айында жарияланған қайырымдылық шеңберінде ауруханаға ең көп ақша аударған адам экипаж мүшесі бола алатыны хабарланды. Ол осы уақытқа дейін 113 миллион доллар жинаған.

Джаред Исаакманның жеке капиталы – 2,5 миллиард доллар

Исаакман жинаймын деп болжаған қайырымдылық қаржысы ғарышқа ұшу құнынан әлдеқайда көп болатынын айтты.

Ұшу кезінде кәсіби емес ғарышкерлер нөлдік ауырлықта ғылыми эксперименттер жүргізеді деп күтілуде. Inspiration 4 деп аталатын миссия қайырымдылық мақсатында жүзеге асырылып отыр. Миссия 540 км биіктікте 3 күнге созылады. Содан кейін экипаж мінген кеме Флорида жағалауындағы айлаққа қонады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button