Хабар

Илон Маск компаниясы 2022 жылдан бастап адамға чип орната бастайды

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың Neuralink технологиялық компаниясы 2022 жылға қарай адамдардың миына микрочиптерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Insider хабарлады.

Маск мұндай чиптер алдымен омыртқасы ауыр жарақат алған адамдарға орнатылатынын айтты.

Neuralink чиптері медицинада қолдануға арналған және ауыр жарақаттар мен неврологиялық бұзылуларды емдеу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге олар ми қызметіндегі процестерді жазып, жандандырады.

Кәсіпкер компанияның адамдарға чиптерді орнату стандарттары АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы талап ететін стандарттардан жоғары екенін айтты.

“Neuralink чиптері маймылдарда жақсы жұмыс істеді және көптеген сынақтар оның сенімді және қауіпсіз алып тастауға болатынын көрсетті”, – деді Маск.

Бұған дейін Neuralink миына сымсыз имплант орнатылған маймылдың “ойлау күшімен” бейне ойындар ойнауды үйренгенін хабарлаған.

Маск жобасы 2016 жылы іске қосылды. Компания Bluetooth арқылы миға сигнал жібере алатын арнайы құрылғы жасап жатыр. Стартаптың негізгі міндеті – адамның, ең алдымен неврологиялық аурулармен ауыратын адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында ғарышқа алғаш рет толығымен туристерден тұратын экипаж ұшты. Оны ғарышқа Илон Масктің SpaceX компаниясы жіберді. Туристер қатарында миллиардер де, қарапайым дәрігер де болды.

massaget.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button