Хабар

Қарағандылықтарды «Театрдағы бір түнге» шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры алғаш рет «Театрдағы бір түн» акциясын өткізуде. Іс-шара 27 наурызда атап өтілетін Халықаралық театр күніне арналған.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, акция кезінде келушілер театрдың көрермендер қолы жетпейтін түпкірлерін көре алады. Костюмдер, грим және реквизит цехтары барлық келушілер үшін ашық болады.

Сахна өнеріне қызығушылық танытқандар үшін белгілі режиссердің шеберлік сабағы өтеді.

«Біздің тоғысқан жеріміз» спектакль-концерті жоспарланған.

Акция 25 наурызда өтеді. Басталуы 20:00.

Кіру тегін.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-39-89, +7-701-911-76-76.

Халықаралық театр күнінің тарихына тоқталар болсақ, 1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді.

Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту болып табылады. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын.

Театр атауы көне грек тілінің “theatron” (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия – театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.

Деректерге сүйенсек, тұңғыш театрлық қойылым біздің дәуірімізге дейін 2500 жыл болған. Алғашқы театрлық ойын Мысырда қойылды, оның сюжетіне мысыр аңызының образдары – Осирис құдайының хикаялары енді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button