Хабар

Қарағандылықтарды «Осы сәтті есте сақтап қал, ағаш отырғыз!» акциясына қатысуға шақырады

Қарағандының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы «Осы сәтті есте сақтап қал, ағаш отырғыз!» акциясын жариялайды. Шараған қала тұрғындары қатыса алады. Қарағандылықтарға ағаш отырғызу арқылы мектеп бітіру, үйлену тойы, мерейтой немесе балалардың тууы секілді өз өмірінің естелік оқиғасын осылайша ерекше атап өтуге мүмкіндік беріледі. Ол үшін көшеттер сатып алып, оларды мамандардың бақылауымен отырғызу керек.

Көктемгі ағаш отырғызу маусымы 15 сәуірде басталады. 1 ақпаннан бастап акцияға қатысуға барлық ниет білдірушілерден өтінімдер қабылдау басталады. Бұл ретте орындарды алдын-ала бөлетін ұйымдастырушымен келісім болған жағдайда ғана ағаш отырғызу мүмкін болады. Қаланың бес саябағындағы: Орталық, Қазақстанның 50 жылдығы атындағы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы, Жеңіс саябағы және «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніндегі учаскелер көгалдандыруға жатады.

Жасыл желектерді одан әрі күтіп ұстау жөніндегі міндеттерді мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы өзіне алады.

“Біз өз қолымызбен отырғызылған ағаш адам үшін оның өміріндегі маңызды және қуанышты оқиғалар туралы фото немесе бейнеден гөрі әсерлі естелік бола алады деп ойлаймыз. Себебі жағымды эмоциялардан бөлек, бұл қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесі үшін мақтаныш сезімін тудырады”, – деп санайды «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» КМҚК директоры Мәдина Әшірова.

Көшеттерді отырғызу алдында сатып алу керек. Олардың биіктігі 1,5-тен 2,5 метрге дейін, жер комасының мөлшері 40*50 см болуы керек. Отырғызылатын ағаш тұқымдары жергілікті климаттық жағдайларға сәйкес келуі тиіс: жөке, емен, қарағай, үйеңкі, шаған және т. б.

«Осы сәтті есте сақтап қал, ағаш отырғыз!» акциясына қатысуға өтініш 8 -701-420-6021 нөмірі бойынша қабылданады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button