Без рубрики

Қарағандылықтарды кәсіптік оқудан өтуге шақырады

Қарағандылықтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша екі айдан алты айға дейінгі қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге және қажетті дағдылар алуға шақырады. Курстарға кез келген тілек білдірушілер жазыла алады.

Ол үшін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Толық ақпаратты 99-63-93 телефоны арқылы алуға болады.

Үміткерлерде өзімен бірге келесі құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі болуы қажет:

  1.  жеке куәлік;
  2.  еңбек кітапшасы (бар болса);
  3.  білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом, сертификат – болған жағдайда);
  4.  Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Оқуға қатысушыларға ай сайын 20 948 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуды немесе қысқа мерзімді кәсіптік курстарды аяқтаған қарағандылықтарды жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грант алу үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бағдарламаға келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

  • жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан);
  • жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі бір жылдан кем уақыт аралығында ісін жаңа бастаған бизнесмендер;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (БЖТ төлеушілер);
  • АӘК алатын аз қамтылған және (немесе) көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар (бұл ретте оқудан өту талап етілмейді).

Бағдарламаға қатысу үшін Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Анықтама телефондары: 99-63-94, 99-63-93.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button