Хабар

Қарағандыдағы «Күй аллеясы»

Қарағандыда Ұлттық домбыра күні қарсаңында академик Е.А.Бө­­­ке­­тов атындағы университет аумағында «Күй аллеясы»­ ашыл­ды. Демалыс орнына Кетбұға, Қорқыттан бастап, халқы­мыз­­дың біртуар Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сем­бек, Нұрғиса сынды күйші-композиторлардың елге танымал туынды­ларымен жабдықталған, барлығы 17 орындық орна­тыл­­ған. Орындықтарға адам жақындаған бетте күй шырқала жөне­леді.

«Қала тұрғындарының, жастар қауымының жұмыстан, сабақ­тан тыс бос уақыттарында таза ауада тынығып, демалуы­на­ қолайлы жағдай жасау мақ­са­тында осындай бірегей аллея­ жасалды. Негіз­гі мақсат – хал­қы­мыздың қа­сие­т­ті күй өнерін наси­хаттау ар­қы­лы жастардың өнер­ге деген қызы­ғу­шы­лығын арт­тыру, олардың бойына рухани­ құн­дылықтарды сіңіру. Мұнда келу­шілер тек күй тыңдап қана қой­май, авторларының өмірі мен шығармашылығы туралы да мәлімет ала алады. Мәселен, кейбір күйшілердің артында бір ғана күйі қалған. Демек бұл бағыттағы ізденістерді әлі де болса жалғастыра беру керек», дейді идея авторы­, университет ректоры Н.Дулат­бе­ков.

«Күй аллеясы» жобасы­ уни­вер­­­ситеттің ғылыми зерттеу жұ­мыс­та­рының байқауында ұсы­ны­лып, оқу ордасы басшылығы тара­пы­нан қолдауға ие болды. Авторлар құрылғының баспа палатасын әзірлеуден бастап, оның корпусын, бағдарламалық жасақтамасын жасау, құрылғыны орнату жұмыстарының барлығын өздері атқарып шықты. Жоба үшін аспан және роботтехни­ка­ зертханалары, 3D басып шы­ға­ру және цифрлық модельдеу­ зерт­ханаларының ресурс­та­ры­ пайдаланылды. Әрбір орын­дық­та арнайы сенсор бар. Адам орын­дыққа бір жарым метр қашық­тықта жақындағанда, сен­сор іске қосылып, музыка­ ойнай­ бас­­тайды. Сонымен қатар мұн­да­ QR-код орнатылған. Соның кө­ме­гімен, ұялы телефон арқылы күй­шілердің өмірбаяны мен шы­ғармашылығы жайында толық­қан­ды ақпарат алуға болады. Жо­ба авторларының айтуынша, «Күй аллеясы» жыл мезгілінің кез кел­ген уақытында келушілеріне күй шырқауға әзір. Орындықтар жа­уын-шашынға, төменгі температураға төзімді.

Біздің ендігі жоспарымыз – уни­верситеттің 8-корпустың жаны­нан «Өлеңдер аллеясын» құру. Онда орындықтар орнатылды, электр қуаты жеткізілді, тек электроника мәселесі қалды, – дей­ді университеттің ақпараттық тех­но­­логиялар және телекоммуникация орталығының жетекшісі В.Карабасов.

Дереккөз: egemen.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button