Хабар

Қарағанды облысының ауыл басшыларына кәсіпкерлік белсенділікті қалай арттыруға болатыны жайлы айтылды

Қарағанды облысының ауыл әкімдеріне халықтың табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның пункттері түсіндірілді. Оқыту семинар-кеңесі “Атамекен бизнес” кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кездесуді Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырды.

Халықтың табысын арттырудың негізгі құралдарының бірі – кәсіпкерлік белсенділік. Бизнес-скринингті қалай дұрыс жүргізу керектігін “Ауыл Аманаты” жобалық кеңсесінің тренері айтып берді. Абай және Бұқар Жырау аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен 23 пилоттық ауылдық округтердің әкімдері өз бетінше ақпарат жинап, тұрғындардың қажеттіліктерін анықтауды үйренді.

Тыңдаушылар кәсіпкерлік үшін тиімді тауашаларды қалай табуға болатынын және бизнес-жоспарларды қалай жасау керектігін білді, сертификаттау және стандарттау бойынша ақпарат алды. Ауыл басшыларына кооперативтерді ұйымдастыру жүйесі мен тауарларды өткізу тізбегі, тиімді өндіріс процестері түсіндірілді.

Болжамды кепілдерді, әлеуетті қарыз алушыларды талдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жергілікті халықтың табысын арттыру бағдарламасы 2023 жылдан 2025 жылға дейін жұмыс істейтін болады. Жобаның басымдықтары – мүмкіндігінше көп жастарды жұмысқа тарту, халықтың жекелеген осал топтарын оқыту және әлеуметтендіру, бюджеттік сала қызметкерлерінің лайықты жалақысын құру, еңбек табысындағы теңгерімсіздікті жою, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру.

Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button