Хабар

Қарағанды облысының 8 ауданында сабақ тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының сегіз ауданы мен қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Оқушыларға арналған сабақтар қашықтан өткізіледі.

Білім басқармасының мәліметінше, 17 қаңтар күні сағат 07:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 8 өңірде 0-11 сынып оқушыларының бірінші және екінші ауысымына арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Аталмыш форматқа Абай және Жаңаарқа аудандарының, Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының мектеп оқушылары көшті. Ақтоғай ауданының мектебінде «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушыларына арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.

Бұқар жырау ауданында осындай форматтағы сабақтар ауданның 14 мектебінде өтеді. Қарқаралы ауданында қашықтан оқуға «№1 ЖББМ» КММ мектебі ауысты. Қарқаралы қаласының «Академик О.Жәутіков атындағы №2 ЖББМ» КММ және Қарқаралы қаласының Ә. Ермеков атындағы мектебінің оқушылары сабақты үйінен оқиды. Нұра ауданында «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ», «М. Жұмабаев атындағы ЖББМ», Ы. Алтынсарин атындағы мектепте сабақ қашықтан өтеді.

Осакаров ауданында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін №1, 12, 9, 23, 26, 15, 28, 32, 25, 24, 13 ОМ мектептеріндегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button