Хабар

Колледжде оқуға талапкерлердің психикалық жай-күйі тексеріледі

Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанында бағаланады.

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді.

Өзгерістер бойынша кәсіпорындардың өтінімдері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін талапкерлерді іріктеу кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесудің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу тапсырады. Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанында бағаланады.

Өнер және мәдениет мамандығына тапсырған талапкерлер конкурстарға, олимпиадаларға немесе спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда шығармашалық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүргізіледі. Емтихан тақырыптарын білім беру ұйымы белгілейді.

Емтихандардан төмен баға алған адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.

Білім алушылар құрамына қабылдау күнтізбелік жылдың күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша топтар жинақталмаған, қамтылмаған талапкерлер болған жағдайда 29 тамызға дейін мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыс қайта бөлінеді.

Бұйрық 2022 жылғы 29 шілдеде күшіне енді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button