Хабар

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Өңірде жарылыс жұмыстары мен өзендердегі мұзды қопсыту қолға алынды. Бұқар жырау ауданы мен Теміртау қаласында жеті учаске қамтылған.

Облыста су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді тазарту жұмыстары аяқталды. Елді мекендерде қар шығару, каналдар мен арықтарды тазарту жалғасып жатыр. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан 8-15 текше метр/сек су ағызылады.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, наурыздың үшінші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. Осы орайда, тұрғындардан үйлерінің аулаларындағы қарды тазалау сұралады.

Төтенше жағдай қаупі пайда болған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарлау қажет: 112, 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button