Хабар

Қарағанды облысынан Парламент Сенатының депутаттығына үш кандидат тіркелді

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлады. Қазіргі уақытта бұл процедурадан үш үміткер өтті. Алдағы уақытта үміткерлер саны артуы мүмкін.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, тіркелгендер тізімі төмендегідей:

– өзін-өзі ұсынған Мұрат Әбілов, Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары;

– Нұра және Осакаров аудандарының мәслихаттары ұсынған кандидат Серік Өтешов, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы;

– өзін-өзі ұсынған Татьяна Шатохина, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары.

ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 24 желтоқсанда сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгітке 19 күн анықталды – 24 желтоқсаннан 13 қаңтар, сағат 00:00-ге дейін.

13 қаңтар – тыныштық күні. 14 қаңтар – дауыс беру күні. 20 қаңтарға дейін ОСК сайлау қорытындыларын жариялайды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалды.

Сенатты қалыптастыру тәртібі ҚР Конституциясында айқындалған. Парламенттің жоғарғы палатасында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан екі адам ұсынылған. Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар – мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button