Хабар

Қарағанды – Балқаш тас жолында айналма жолдар азайды

Қарағанды – Балқаш тас жолында айналма жолдардың саны қысқартылды. Кей жерлерде жол төрт жолақ бойымен ашылған. «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жаңарту жалғасуда. Жол жұмыстарына 2 500 адам мен 1 800 бірлік техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізіне кіретін Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жолдарының екі учаскесі қайта жөнделуде.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жол жұмыстарының барысымен танысты.

Қарағанды – Балқаш тас жолында жұмыстар 50% орындалды. Өткен екі жыл ішінде ең көлемді жұмыс – негізді дайындау жүзеге асырылды. Қазір төрт жаңа жолақ бойынша қозғалыс ашылған учаскелер бар. Сонымен қатар, жер төсемін төсеу жұмыстары жүргізілуде, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды филиалының директоры Серік Айдос.

Ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш жолының құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Екі мердігерлік ұйым жұмыс істейді – «ҚазГерСтрой» БК» ЖШС және CITIC Construction Co., LTD. 9 асфальтбетон зауыты және 10 ұсақтау-сұрыптау кешені жұмылдырылды.

Орындалатын жұмыстардың сапасын жаппай тексеру үшін өндірістік базаларда аттестатталған алты жол зертханасы жұмыс істейді. Қайта қалыпқа келтіру аясында 10 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, екі көлік айрығы және теміржол арқылы өтетін бір жол өтпесі құрылысы қарастырылған.

Сондай-ақ, ұзындығы 150 шақырымды құрайтын Балқаш – Бурылбайтал жолының үш учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр. Жер жұмыстарының негізгі көлемі орындалды. Қазір жол төсемін орнату жұмыстары жүріп жатыр, – деді Серік Айдос.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button