Хабар

Қарағандылық соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты Қарағанды облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден төленеді. Мерекелік күні берілетін төлем өткен жылғы мерейтойлық деңгейде қалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық төлем қарастырылған:

– концлагерь тұтқындары – 200 мың теңге;
– Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдері – 50 мың теңге;
– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 200 мың теңге;
– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері – 100 мың теңге;
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – 50 мың теңге.
«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен беріледі.

Бүгінде облыста барлығы 46 соғыс ардагері тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу онлайн-форматта өтеді. Шерулер мен бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Алайда күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар ұмыт қалмайды.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы өзгерген жағдайда Мәңгілік алау мемориалына гирляндалар мен гүлдер қою жоспарлануда.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button