Хабар

Қай өңірде ірі қара саны көп – статистика

Ірі қара мен қой саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

1 қазандағы жағдай бойынша елдегі ірі қара мал саны 8 963 856 басты құрады (2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% көп). Қой малының бас саны – 20 960 522, жылқы – 3 785 680, құс саны – 50 019 554.

Ірі қара мен қой саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, сәйкесінше 1 141 809 және 4 764 667 бас. Жылқы саны бойынша да Түркістан облысы бірінші орында – 414 941 бас. Түйе саны бойынша Маңғыстау облысы – 83 350 бас, ал құс саны Алматы облысында ең көп – 9 429 133 бас.

Сондай-ақ мәліметке сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 5 087,7 мың тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% көп. Бұдан бөлек, осы мерзімде 3824,4 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді. 846 959,1 тонна мал мен құс еті сойылып, өткізілді», – делінген статистикалық деректе.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button