Хабар

Қарағанды облысының өнеркәсіпшілері 1,2 трлн теңгенің өнімін өндірді

Қарағанды облысы бірінші тоқсанды оң көрсеткіштермен аяқтады. Аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы айтылды.

“Бірінші тоқсанда экономика өсімі барлық базалық салаларда қамтамасыз етілді. Өнеркәсіпте көлем 1,2 трлн теңгені құрап, 3%-ға артады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4%-ға, тау-кен өндірісі 1,5%-ға өсті”, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңірде жалпақ прокат, болат, шойын, тазартылған алтын, кальций карбиді көбірек өндірілді. Көмір, мыс және темір кендерін, марганец және мырыш концентраттарын өндіру ұлғайды.

92 млрд теңгеден астам инвестиция күтілуде. Бұл көлемнің шамамен 71%-ы өнеркәсіпке тиесілі. Инвестициялық белсенділік құрылыста, ғылыми және техникалық қызметте, тамақ өнімдерін өндіруде және басқа салаларда да байқалады.

Өңір шаруалары ет пен сүт өндірісін ұлғайтуда.

Бірінші тоқсанда 3,6% өсіммен 152 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, көлік саласындағы ішкі және сыртқы сауданың серпіні байқалады.

“Жалпы, үш айдың қорытындысына сай барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Бір жылға жоспарланған индикаторлардың одан әрі өсуі мен орындалуын қамтамасыз ету қажет. Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жұмыс орындарын сақтау”, – деп атап өтті өңір әкімі Жеңіс Қасымбек.

2022 жылға облыс алдында экономиканың 3,4% өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Өнеркәсіпте 4,3 трлн теңге көлеміне қол жеткізе отырып, екі пайыздық өсім белгіленген.

Қарағанды облысының әкімдігі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button