Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?
Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді.
2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда – 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.
2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.
Ең ұзақ демалыс күндері:
Қаңтарда жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар;
наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;
сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;
шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде;
желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі – 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.
Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.