Хабар

Қазақстанда су тапшылығы артуы мүмкін

Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты.

«Өзен ағысының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындардың кемуінен су ресурстарының азаюын көрсетеді. 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше километрді құрайды. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты», деді Д. Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай өзен ағыны одан әрі 99,4 текше километрге дейін қысқаруы болжанып отыр.

«Қазіргі кезеңде су ресурстарының тапшылығы 17 текше километрден асады, ол су экожүйелерінің қажеттіліктері есебінен мәжбүрлі түрде жабылады. Су ресурстарының азаюынан және халықтың, экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды көп пайдалануынан Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін», деді комитет өкілі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button