Хабар

Қарағандыда Даун синдромы бар балаларды дамытуға арналған орталық ашылды

“Солнечные дети” қоғамдық қорының арқасында Қарағандыда Даун синдромы (ДС) бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Қаржы жағын “Қазақмыс” корпорациясы өз мойнына алды.

“Солнечные дети” қоры 2020 жылдың қараша айында құрылды. Оның негізін қалаушы, ДС бар баланың анасы Ания Мұратова.

Ұлым дүниеге келгеннен кейін мен бірқатар проблемаларға тап болдым, – дейді қор басшысы. – Егер жақындарыңның ғана емес, айналаңдағылардың да қолдауы болса, бұл қиындықты еңсеру оңайырақ болатынын түсіндім. WhatsApp желісінде біздің бірлестікті құру кезінде осындай диагнозы бар балалардың аналарымен сөйлестім. Бастамашыл топ пен жұбайым мені қолдады. Осылайша біздің Қор пайда болды.

ҚҚ алдына қоятын басты міндеттер – әлеуметтік қорғау және оңалту, ДС бар балаларға психологиялық, әдістемелік және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу. Қазір бірлестікте облыс бойынша 115 отбасы тұр. Оның 80-і Қарағандыдан. Мұндай отбасылардың саны үнемі өсіп келеді.

“Біз өз үй-жайымыз керек екенін түсіндік. Балалар оңалту курсынан тегін өтуі үшін, ал аналар бір-бірімен араласып, тәжірибелерімен бөлісуі үшін. Бірден психологиялық көмек алуға болады. Бүкіл отбасы үшін түрлі іс-шаралар өткізу мүмкіндігі пайда болар еді”, – дейді Ания Мұратова.

Содан кейін Қор басшысы демеушілер іздей бастаған. Ания қайырымдылық ұйымдарына да, ірі кәсіпорындарға да хат жазды. “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС басшылығы жауап қайтарды. Компания үй-жай сатып алып қана қоймай, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орталықты жиһазбен және жабдықпен толық қамтамасыз етті. Орталықты ұстау бойынша барлық шығындарды – салықтарды, коммуналдық төлемдерді және т.б. “Қазақмыс” өз мойнына алады.

“Енді біз орталықта жұмыс істейтін мамандарды іздейміз”, –дейді Ания Мұратова. – “Мұнда логопед, дефектолог, массажист кабинеттері, ЕДШ залы, ойын және музыка бөлмелері орналасады. Балаларымыз үшін шығармашылық үйірме ашуды жоспарлап отырмыз. Демалыс күндері шеберлік сабақтары, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өткіземіз. Орталықтың ашылуы біздің қаламыздың даун синдромы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына бірігуге, сенімді болуға, балалар үшін жарқын болашаққа сенуге көмектеседі. Біздің қорға әлі қосылмаған ата-аналар біз туралы естіп, бізге қосылады деп үміттенемін”.

Алдағы уақытта Ания Мұратова Қазақстанның басқа қалаларынан және жақын шетелден реабилитолог мамандарды шақыруды жоспарлап отыр.

Орталықтың жұмысы туралы сұрақтарыңызды мына телефондар арқылы қоюға болады: +7-701-454-21-63 (Ания), +7-702-169-90-32 (Айжан), +7-700-213-56-34 (Татьяна).

Қосымша ақпарат Қордың Instagram әлеуметтік желісіндегі @solnechnye_deti парақшасында.

“Солнечные дети” орталығы Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button