Хабар

Қарағанды онлайн дебат мектебі оқушылар қабылдауда

Қарағанды облысының 7–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері «Дебат Қарағанды» жобасына қатыса алады. Онлайн дебат мектебіне өтінімдер 30 қыркүйекке дейін meirmanovc@gmail.com электрондық пошта арқылы қабылданады.

«Дебат Қарағанды» жобасы үш компоненттен тұрады:

  • 1-ші – онлайн дебат мектебі;
  • 2-ші – дебат клубын ашуға арналған менторлық көмек бағдарламасы;
  • 3-ші – аймақтық ашық дебат турнирі.

“Біздің жобамыздың мақсаты – Қарағанды облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің сыни ойлау дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Сондай-ақ, біз оларды ақпаратты талдауға және командада жұмыс істеуге үйретуге тырысамыз. Оқу үшін 48 оқушы мен колледж студенттері мен 20 оқытушыны іріктейміз. Басты өлшемшарт – уәждемелік хаттың болуы. Онда үміткер 10-15 ұсыныспен дебат мектебінде оқуға неліктен лайықты екенін түсіндіруі тиіс”, – дейді Республикалық жастар жобаларының үйлестірушісі Жандос Мейірманов.

Мектепте оқу қазақ тілінде өтеді және 3 айға созылады. Одан кейін ашық аймақтық дебат турнирі өтеді.

Толығырақ ақпаратты @debate.kz Instagram –парақшасынан алуға болады сондай-ақ +7-771-617-60-94 телефоны бойынша.

Бұл жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды. Және debate.kz Дебат орталығымен «Сарыарқа Дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп жүзеге асырылады. Ақпараттық серіктес – Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button