Хабар

Қарағандыдағы кеншілер мәдениет сарайы домбыра күніне арналған челлендж жариялады

Кеншілер мәдениет сарайы “Күй құдіреті” онлайн-челленджін өткізеді. Іс-шара шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күніне арналған.

Күйді қазақ музыкалық аспабында әуесқойлар да, кәсіпқойлар да орындай алады.

“Челленджге барлығы қатыса алады. Жас шектеулері де жоқ. Бір күйді ойнап, оны бейнеге түсіру керек. Жақсы сапалы бейнені WhatsApp-қа жіберіңіз: 8-747-918-46-16. Бейнелер 28 маусым мен 2 шілде аралығында Instagram-да @dkg_krg #Күйқұдіреті хэштегімен жарияланады”, – деп хабарлады Кеншілер мәдениет сарайында.

Бірнеше шарттар бар:

– @dkg_krg аккаунтына жазылушысы болуы керек;

– бейнероликте күйдің аты-жөні, атауы және авторы көрсетілсін, “Домбыра күніне орай Кеншілер мәдениет сарайы ұйымдастырған “Күй құдіреті” челленджіне қатысамын” мәтінін қосыңыз.

Қосымша ақпарат: 41-27-26, 8-707-121-83-99, 8-747-918-46-16 (WhatsApp).

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button