НовостиОбщество

«Новое Телевидение» телеарнасында «Бірінші байлық» жобасы көрерменге ұсынылады

«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деген сөз бар. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі – денсаулық.

Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.

“Қолда барда алтынның қадірі жоқ” демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.

Денсаулық – адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар.

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» – деген екен Артур Шопенгауер. Ендеше сол бақытымызды денсаулығымыздан табу үшін салауатты өмір сүруге ерекше мән бергеніміз ләзім.

Осы орайда «Новое Телевидение» телеарнасы назарларыңызға «Бірінші байлық» ток-шоуын ұсынады. Бағдарлама барысында ақ халатты абзал жандар, өз ісінің мықты мамандары өмірімізде кездесетін түрлі аурулар жайында айтып, сырқаттың алдын-алу, емдеу жолдарымен, құнды кеңестерімен бөліседі.

«Новое Телевидение» телеарнасындағы «Бірінші байлық» ток-шоуын тамашалаңыздар. Дендеріңіз сау болсын!

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button