Өзгерістер жол ережесіне енгізілді
“Біртұтас таңбалау сызығын кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді. Енді 1.1 белгісімен белгіленген және де 3.20 басып озуға тыйым салынатын белгісімен белгіленген екі жолағы бар және екі жақты жолға шығу қарсы жүріс жолағына шығу болып есептеледі”, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
“3.9.1 – электрсамокат жүрісіне тыйым салынады деген белгі. 5.8.6 деген, 5.8.6в дегеніміз -параллель жатқан жол бөлігіне өту. Сонымен қатар, 5.86г, 5.86д паралель жол бөлігінің соңы деген белгіні білдіреді. 5.16.3 диагональ жаяу жүргінші өткелі”, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
“Алматыда жыл басынан бері электрсамокат жүргізушілерінің қатысы бар 22 жол көлік оқиғасы болды. Жаңа заң күшіне енген сәттен бастап жол қозғалысын неғұрлым жақсартуға мүмкіндік береді”, – деді Алматы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының аға инспекторы Аян Бақытов.
Өзгеріс 6 мамырдан бастап заңды күшіне енеді.