Хабар

Құрманғазының күйлеріне негізделген жаңа мультсериал жарыққа шықты

Сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады.

Құрманғазы күйлері “Дала шырқауы” жаңа анимациялық жобасында қайта жанданады, деп хабарлады Sergek Group компаниясы.

Мультсериал қазақ күйшісі Құрманғазы күйлерінің тарихын баяндайды. Атап айтқанда, сериал әйгілі күйшінің өмірінде із қалдырған оқиғаларды: XIX ғасырдағы қазақ халқының өз жерін қорғау әрекеті мен оның отаршылдарlан көрген азабын баяндайды.

Жобаны Tasqyn Studio дайындаған. Компания өкілдері бұл туындыны – қазақ музыкасының дәстүрін анимацияда бейнелеудің алғашқы қадамы деп бағалап отыр.

“Біз халқымыздың мәдени мұрасын қалың жұртшылыққа танытып, талғампаз қазақ көрермендерімен қатар барлық ұлттар мен әр жастағы көрермендер арасында қазақ мәдени-этникалық мұрамызға деген қызығушылықты оятқымыз келеді”, – деді студия қызметкерлері.

Сериалдағы күйлерді күйші Абылай Тлепберген орындаған. Ал сценариі нақты тарихи оқиғалар мен мифтік аңыздарға негізделген.

Жалпы, анимациялық сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әр эпизод 40 минутты құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button