Қазақы тазы мен төбеттің тұқым-тегінен мәлімет беретін анықтама жасалады
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті қазақы тазы мен төбеттің тұқым-тек кітабын жүргізу ережесін әзірлеп, Ашық НҚА порталында көпшілік талқысына шығарды.
Бірыңғай тұқым-тек кітабына таза текті тазыға жататын иттердің төл картасындағы мына мәліметтер енгізіледі:
– тіркеу нөмірі, шығу тегі мен тұқымы;
– тірі салмақ бойынша аталық және аналық сипаттамалары;
– балдық жүйемен бағалау индексі;
– аналықтардың жұптасу және күшіктеу есебі;
– аталықтардың, аналықтардың тұқымға пайдалану деректері және олардан тараған иттердің сапасын есепке алу мәліметтері;
– иттердің лақап аты, жеке нөмірі, тұқымы, туған күні мен жері, шығу тегі;
– шоқтығының биіктікті, кеуде қуысының тереңдігі, дененің қиғаш өлшемдеі ұзындығы (өлшеу таяқшасымен), метакарп шеңберінің өлшемі;;
– өңі, туған жылы;
– жүнінің сипаты;
– бас құрылымы, жақ пен құлақ сипаты;
– мойын құрылысы.
Ал таза текті төбетке жататын иттердің төл карталарындағы мына мәліметтер енгізіледі:
– тіркеу нөмірі, шығу тегі мен тұқымы;
– тірі салмақ бойынша аталық және аналық сипаттамалары;
– балдық жүйемен бағалау индексі;
– аналықтардың жұптасу және күшіктеу есебі;
– аталықтардың, аналықтардың тұқымдық пайдалану дерегі, және олардан тараған иттердің сапасын есепке алу мәліметтері;
– лақап аты, жеке нөмірі, тұқымы, туған күні мен жері, шығу тегі;
– өңі, туған жылы.
– жүнінің сипаты;
– бас құрылысы, жақ пен құлақ сипаты;
– мойын құрылысы.
Тұқым-тек кітабын жүргізуге лайықты иттер мынандай сипаттар бойынша іріктелмек:
Тазы иттерінің тұқымдары бойынша:
Еркек тазылары енесі мен әкесінің кемінде үш буындағы тек шежіресінің деректері болса және өзінен тарайтын тұқымның тізбегін жетілдіруші қабылеті дәлелденсе;
Ұрғашы тазылар енесі мен әкесінің кемінде үш буындағы тек шежіресінің деректері болса.
Төбет тұқымдары бойынша:
Төбет еркегі өзінен тараған буындардың сапасы бойынша бағаланады. Мұнда да енесі мен әкесінің кемінде үш буындағы тек шежіресінің деректері болуы шарт.
Ұрғашы ттүрлері үшін енесі мен әкесінің кемінде үш буындағы тек шежіресінің деректері болуы шарт.
Сондай-ақ бірыңғай тек-тұқым кітабына жыл сайын таза текті иттердің иттердің тұқым таратуға пайдалану деректері, олардан тараған буындардың деректері картотекалық жүйемен енгізіліп отырады.
Құжат 1 шілдеде күшіне енеді деп жоспарланған.