Хабар

Қазақстанда жастардың саны 3,7 миллионнан 6 миллионға дейін көбейді

Қазақстанда жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енді.

Бұл заңға сәйкес, Қазақстанда бүгіннен бастап жастардың жасы 35-ке дейін ұлғайтылды, яғни олардың үлесі 3,7 миллионнан 6 миллионға дейін көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

“Президент былтыр 26 желтоқсанда заңға қол қойған еді. Ережеге сай, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді”, – деп жазды министр.

Ведомство басшысының сөзінше, енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге ие болып, жеңілдетілген несие ала алады.

Сонымен қатар жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтары ұғымдары ресми түрде қолданылады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button