Хабар

Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді

ҚР ІІМ учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірледі.

Құжатқа сәйкес, лауазымға тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде учаскелік инспектор өзінің әкімшілік учаскесін пәтерлерді (аулаларды) аралап, алынған ақпаратты әкімшілік учаскенің электрондық паспортына енгізуі тиіс.

Учаскелік инспекторлардың азаматтарды қабылдауы учаскелік полиция пунктінде сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүзеге асырылады, сондай-ақ жұмыс күні ішінде азаматтарды онлайн-қабылдауды өткізуге жол беріледі.

Учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісінің жұмыс уақытының ұзақтығы ҚР Ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес белгіленеді, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген сегіз сағаттан аспайды.

Қажет болған жағдайда олар белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қызметтік міндеттерін орындауға тартылуы мүмкін.

Учаскелік полиция инспекторының міндетіне мыналар кіреді:

Рецидивті, тұрмыстық, алкоголь қылмысы құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы;

Сеніп тапсырылған әкімшілік учаскеде оның ерекшеліктерімен танысу, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, азаматтарға көмек көрсету және құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу арқылы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізу;

Денсаулық сақтау органдарына, ұйымдар мен кәсіпорындарға сұрау салуларға;

іс жүргізудегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сараптама тағайындау туралы қаулыларға қол қою және оларды жіберу;

Полицияның кешенді күштерінің нарядтарымен өзара іс-қимыл жасау.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button