Хабар

Қазақстанда психикалық ауытқушылықпен қанша мың адам есепте тұр?

10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтілді. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің негізгі мақсаты – барлығына психикалық денсаулық проблемаларын еске түсіру және психикалық денсаулықты нығайтуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру. Ресми статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 300 323 пациент динамикалық бақылауда, – деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

Бұл күн жыл сайын 1992 жылдан бері атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен белгіленді.

Өткен жылдарда көптеген, яғни әйелдердің және балалардың психикалық денсаулықтарына, өзіне қол жұмсайтындармен күреске, психобелсенді заттарға тәуелділікке, зорлыққа және т.б қатысты тақырыптар қозғалды. Соңғы кездері адамдар бұл сұрақтардың маңыздылығын түсініп, психика ауруларымен байланысты проблемалар жайлы біліп келеді. Көптеген адамдар өткізілетін шаралардан пайдалы ақпараттар алып жатыр.

Биылғы күннің тақырыбы — барлығының психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын жаһандық басымдыққа айналдыру.

Психикалық денсаулыққа байланысты кемсітушілік – бұл психикалық ауытқулары бар адамдардың қоғамға толық қатысуына кедергі келтіретін көрінбейтін “қабырғалар”. Бұл “қабырғалар” мектептерде, жұмыс орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және тіпті, үйлерде бар.

Психикалық ауруларды кемсітуді тоқтату барлық мекемелердің, әсіресе психикалық ауытқулары бар туыстарымен бірге тұратын адамдардың қатысуын талап етеді. Мұндай кемсітушілікті жеңудің ең тиімді шарасы – психикалық денсаулық туралы хабардарлықты арттыру және психикалық денсаулық туралы білімді арттыратын заманауи бағдарламаларды енгізу.

Психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді.

Жыл сайын психикалық денсаулық күні психикалық денсаулық қызметінің мамандары психобілім беру іс-шараларын, дәрістерді, ашық есік күндерін, өзекті мәселелер бойынша сұрақтар мен жауаптардың онлайн-марафондарын өткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button