Хабар

Қазақстанда оқу жылын тағы бір айға созу ұсынылды

Зерттеу нәтижесі ұзақ үзілістің балалардың материалды есте сақтау қабілетіне кері әсер ететінін көрсеткен.

Елде оқу жылын тағы төрт аптаға созу ұсынылып отыр, деп мәлімдеді Binom School мектебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.

“Еліміз оқу жылындағы апта саны ең қысқа мемлекеттердің бірі. Бізде 34 оқу аптасы бар. Осылайша оқушылар бір жылда 130 күндей демалады. Салыстыратын болсақ, Израильде оқушылар 84 күн, Оңтүстік Кореяда 90 күн, Жапонияда – 102 күн демалады. Зерттеулер оқушылардың үзілістен соң игерген материалдың 25 пайызын ұмытатынын көрсетіп отыр. Сол себепті Қазақстандағы оқу мерзімін 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынамыз”, – деді Арайлым Мағзұмова.

Яғни оқу жылын 15 тамызда бастап, 5 маусымда аяқтау немесе әдеттегідей қыркүйекте бастап 20 маусымға дейін созу ұсынылып отыр.

Мұнымен қатар, ол “Әділет” республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлованың оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы мерзімдерді атағанын айтты.

Сарапшылар пікірінше, мұндай өзгеріс сыныптардағы жүктемені 1-2 сағатқа азайтып, кабинет тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Қауымдастық төрайымы оқу жылын 20-25 тамызда бастауды ұсынған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button