Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды. Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрамалары өз жас санаттарында медаль бойынша бірінші орын алды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген ресми рейтингтік жарысқа 2006-2007 жылғы жасөспірімдер мен 2003-2005 жылғы жас татами шеберлері қатысты.
«Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы біздің жас спортшыларымыз үшін шеберлігін шыңдауға жақсы алаң. Биыл тек Қазақстан емес, шетелден де қатысушылар қатары көбейді. Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы осымен биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Жарыс статусы – халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген ресми рейтингтік жарыс. Жарыстың ұйымдастырылуын IJF төрешілер директорлары Даниэль Ласкау мен Армен Багдасаров мырзалар, Азия дзюдо одағының (JUA) өкілдері жоғары бағалауда. Азия кубогы аясында елімізде төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін Алматы қаласында осы жарысқа қатысқан құрамаларға арналған халықаралық жаттығу лагері ұйымдастырылады. Жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан, дзюдодан келешекте жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін бүгіннен осылай жасөспірімдер мен жастарға жағдай жасап, халықаралық жарыстарды көптеп ұйымдастырып отыру керекпіз», – деп атап өтті Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия кубогында 9 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлде еншілеп, жарысқа қатысқан 10 елдің қатарында көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан спортшылары жайғасса (5 алтын, 6 күміс, 14 қола медаль), Моңғолия өкілдері үшінші орынды қанағат тұтты (2 алтын, 1 күміс, 1 күміс).
Атап өтсек, Қазақстан құрамасы сапынан Нұрбол Асқар (-50 кг), Нұрлан Исатаев (-55 кг), Еркебұлан Орынбаев (-66 кг), Еділ Ерболұлы (-73 кг), Досбол Балғабай (-81 кг), Шерхан Алпанов (+90кг), Зере Өтепқали (-40 кг), Сәулемай Сағитжан (-70кг), Гүлдана Теңгелбаева (+70кг) жеңімпаз атанса, Ақниет Шайменов (-66кг), Берікбол Жұманбеков (-90кг), Алихан Назымханов (+90кг), Тамила Әлиханова (-44 кг), Жібек Жайсаңбай (-63 кг), Руслана Махатова (+70кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Ерболат Сыздық (-50 кг), Жалғас Күнесбаев (-60 кг), Дидар Аманжол (-66кг), Расул Мұхұм (-81 кг), Темірлан Нұрбеков (-90кг), Әсел Русланова (-40 кг), Іңкәр Құралбай (-44 кг), Кира Хегай (-48 кг), Аяулым Қалмырза (-52 кг), Дамеля Асылханова (-57 кг), Анисса Ибатолла (-70кг), Айымзада Думанқызы (+70кг) көтерілді.
IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі. Ал бұл ұпайлар дзюдошыларға әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін алу үшін қажет. Сол себепті Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен байрақты бәсеке жас татами шеберлері үшін аса маңызды.
Жастар арасындағы бәсекеге Гонконг, Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты. Бұл жас санатында да Қазақстан 7 алтын, 6 күміс, 14 қола медальмен жалпы есепте 1-ші орын алды. Екінші орында Өзбекстан спортшылары орналасса (5 алтын, 7 күміс, 7 қола), үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары (1 алтын, 5 қола) тұрақтады.
Жеңіс тұғырында әнұранымызды шырқатқан отандастарымыздың қатарында:
Жанарыс Рахметқали (-66кг), Әділет Алмат (-73 кг), Мұхаммедали Мавлидов (-90 кг), Ұлдана Үсейн (-57 кг), Самалай Ерғалиева (-63 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Карина Такиева (+78 кг).
Күміс медальға Телжан Сұлтанбай (-60 кг), Нұрсұлтан Қаблан (+100 кг), Нұржан Бисенов (-81 кг), Тасним Абдуали (-48 кг), Гүлнұр Баханова (-63 кг), Анастасия Морозова (-70кг) қол жеткізді.
Үшінші орынға Қанат Нұргелді (-60 кг), Аман Бақытжан (-60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (-66 кг), Нұрсұлтан Жұбатқан (-66 кг), Оразгелді Уралов (-73 кг), Азат Күмісбай (-81 кг), Құдірет Досымов (-90 кг), Ирина Дубовская (-48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (-48 кг), Аружан Ережепова (-52 кг), Алтынай Нұрханова (-57 кг), Қарлығаш Телман (-63 кг), Ақбота Қыдырәлі (-70 кг), Шынар Абатова (-78 кг) жай5асты.
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне барлығы 680 спортшы қатысты.