Хабар

Қарағандыға Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы көрмемен келеді

Сығанақ қаласының алтыны, көне әшекейлер, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар – қарағандылықтарды Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан “Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі” жылжымалы көрмесіне шақырады. Экспозиция Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына дайындалған және жүзге жуық экспонаты бар.

Көрменің ашылуы 21 сәуірде сағат 11:00-де Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.

“Сыр өлкесінің тарихы, өнері мен мәдениеті туралы баяндайтын 100-ге жуық құнды жәдігерлер ұсынылады. Олардың ішінде б.з. д. IV-II мыңжылдықтарды қамтитын Шірік-Рабат қаласының алтын әшекейлері, Сығанақ қаласының алтыны (X–XVIII ғғ.), VII–XI ғғ. оғыздары пайдаланған Жанкент қыш ыдыстары, жоғары тарихи-мәдени құндылықтағы археологиялық артефактілер бар. Сондай-ақ, қазақ халқының тұрмысы мен қолөнерімен таныстыратын экспонаттар, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар”, – деді ұйымдастырушылар.

Сыр аймағы – ежелгі өркениеттің іздері сақталған аймақтардың бірі. Археологиялық деректерге сүйенсек, өлкенің тарихы бес мыңжылдықты құрайды. Осы аймақта өмір сүрген халықтар Батыс пен Шығысты байланыстыра отырып, өздерінің экономикалық және мәдени түрін қалыптастырды.

Көрме 25 сәуірге дейін жалғасады. Оның ашылуында мұражайлар ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандумға қол қояды.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Ерубаев көшесі, 38 мекенжайында орналасқан.

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімнің телефоны: 56-45-63.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button