Қарағандыда Құрбан айтта құрбандыққа мал шалынатын орындар анықталды
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді, мереке үш күнге созылады. Қарағандыда мал союға арналған үш орын анықталды.
Мал сою пункттері келесі мекенжайлар бойынша жабдықталған:
– Резник көшесі, 18 (“Әбішева А. О.” ЖК),
– Гоголь көшесі, 2/23 (“Арай KZ” ЖШС),
– С. Сейфуллин көшесі, 53 (“Хасенов” ШҚ).
Сондай-ақ, құрбандықты сайт арқылы онлайн режимінде жасауға болады: qurban2023.kz. Қарағандылықтар офлайн және онлайн-құрбандықтар туралы толығырақ 8-702-131-03-12 телефоны арқылы біле алады.
– Құрбан айтта біз мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өтініш берген ұйымдарға – мысалы, зағиптар қоғамына, қарттар үйлеріне және басқаларға құрбандық шалатын малдың етін таратамыз. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен басқа да қайырымдылық акциялары өтеді, – дейді “Зекет және қайырымдылық” қорының Қарағанды облысы бойынша өкілі Мирас Қасымов.
Құрбан айт – мұсылмандардың Меккедегі қасиетті орындарға қажылығының аяқталуына орай құрбандық шалу мерекесі. Құрбандыққа шалынған малдың еті үш бөлікке бөлінеді. Біреуін мұқтаж адамдарға, екіншісін жақындарына немесе көршілеріне беру керек, ал үшіншісін өздеріне қалдыру керек.
Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні – демалыс күні.
Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты