Хабар

Қарағандыда жылу беру төлемі қайта есептелетін болды

Қаңтардың басында қарағандылықтар пәтердің суықтығына шағымданды. Көптеген үйдегі термометр көрсеткіші +10-ға дейін төмендеді, ал ең жақсы жағдайда +16 градусқа көтерілді. Қарағанды тұрғындарының шағымдары негізінде комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Қарағандыда қала тұрғындарының пәтердің суықтығына байланысты жазған шағымдарынан кейін “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізілді. Кәсіпорынға айыппұл салынды, ал қала тұрғындарына толық берілмеген жылу энергиясына қайта есептеу жүргізіледі, – деп хабарлайды Ұлттық Экономика Министірлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

Қарағанды тұрғындарының шағымдары негізінде комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

“Қарағанды Энергоцентр” ЖШС ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілерін, Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді тиісінше орындамауын байқауға болады. Осыған байланысты “Қарағанды Энергоцентр” ЖШС-ға 4 667 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Комитет қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұтынушыларға толық алынбаған жылу энергиясын қайта есептеу 2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің соңында жүргізілетінін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың басында қарағандылықтар пәтердің суықтығына шағымданды. Көптеген үйдегі термометр көрсеткіші +10-ға дейін төмендеді, ал ең жақсы жағдайда +16 градусқа көтерілді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button