
Қарағандыда Стамбулға тікелей рейс ашылады
Қазақстандық FlyArystan лоукостері биылғы жылдың 4 маусымынан бастап Қарағанды әуежайынан Стамбулға тұрақты тікелей рейсті іске қосады. Ұшулар аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері дейін орындалады.
– Қарағанды агломерациясының 870 мың тұрғыны бар. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қалалар мен кенттер. Біздің тұрғындарымызда шетелге бару қажеттілігі бар, ал басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы – халықаралық әуежай, яғни ол авиакомпаниялармен серіктестік жасай отырып, бізді Стамбул, Дубай, Пекин, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Мен бұл біздің алдымызда тұрған үлкен жұмыстың басы ғана екеніне сенімдімін, – деді Қарағанды әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов.
Авиабилеттер flyarystan, ресми сайтында, мобильді қосымшада және басқа да ресурстарда қолжетімді.
FlyArystan – Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana-ның еншілес компаниясы.