Хабар

Қарағанды облысының 50 мыңнан астам тұрғынын биыл жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және зейнет жасына дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарлама, жеңілдікпен несиелеу және өтеусіз гранттар беру – осы және басқа да шаралар Қарағанды облысында жұмыссыздық проблемаларын шешу үшін енгізілуде. Биыл облыста Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес 54 мың тұрғынды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Қарағанды облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова айтып берді.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін биыл жаңа тетік – жылдық 2,5% жеңілдікпен несиелеу енгізілуде. Біздің облысқа 324 кредитке 1,6 млрд теңге бөлінді. Ең жоғары сома – 5 жыл мерзімге 5 млн теңге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Негізгі шарт – кепіл мүлкі. Құжаттар мен бизнес-жоспар Аграрлық несие корпорацияның филиалына ұсынылуы керек. Несиелер беру туралы шешімді комиссия қабылдайды. Әлеуетті алушы барлық ақпаратты тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарынан немесе Аграрлық несие Корпорацияның сайтынан біле алады, – деп хабарлады Әсем Жүніспекова.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне бизнес-идеяларды іске асыруға 190-нан астам грант берілетін болады.

“Күміс жас” жобасында өзгерістер бар. Енді оған 50 жасқа толған қазақстандықтар қатыса алады. Бұрын бағдарлама 58 жастан асқан адамдарға берілетін.

Облыстағы жұмыссыздарды жеке көмекші және әлеуметтік қызметкер мамандықтарына оқыту жоспарлануда. Осыдан кейін олар зейнеткерлікке шыққанға дейін кемінде бір жыл, ал зейнеткерлікке дейінгі жастағы (58 жастан асқан) адамдар тұрақты жұмыс орнына орналасады.

“Жастар тәжірибесі”, “Бірінші жұмыс орны” және “Ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша еңбекақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Қатысу мерзімі – 12 айға дейін.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері ай сайын облыстың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Тұрғындарға жұмыс орындары мен жүзере асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламалары туралы кеңес беретін мобильді топтар жұмыс істейді.

Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button