Хабар

Қарағанды облысында қосымша өрт сөндіру станциялары ашылады

Қарағанды облысында орман өртін сөндіруге арналған қосымша станциялар ұйымдастырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, облыста өрт сөндіруге арналған төрт орман станциясы жұмыс істейді. Таяуда Қарағанды және Ақтоғай орманшылықтарында тағы бесеуін ашу жоспарланып отыр.

«Облыста өрт қауіпті кезеңде барлығы 322 табиғи өрт пен өзге де жану оқиғалары болды. Орман өрттерінің көп жағдайлары Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарында болды. Табиғи өрттер мен жанулардың пайда болуына әдеттен тыс ыстық күн райы, қатты жел, жауын-шашынның болмауы, құрғақ найзағай ықпал етті. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда отты абайсыз пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасының ақауы, құрғақ өсімдіктерді байқаусызда өртеу тілсіз жаудың таралуына әкеп соқты», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда облыста 45 өрт сөндіру бекеті құрылған. Олар 50 мыңға жуық адам тұратын 82 елді мекенде жұмыс істейді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button