Хабар

Қарағанды облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Қарағанды облысында 21 және 22 мамырда полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Ол облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы полиция департаментінің фронт-кеңселерінде өтеді.

Сондай-ақ, 21 және 22 мамырда Instagram әлеуметтік желісі арқылы policeofkaraganda (сағат 11:00) және uap09region (12.00, 15.00, 17.00-де) парақшасынан тікелей эфирде облыстың ПД басшылық құрамымен онлайн-байланыс ұйымдастырылады.

«Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез келген тұрғын келіп құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады. Облыс тұрғындары полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар туралы сұрақтар қойып, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге мүмкіндіктері бар.

Акцияның негізгі мақсаты полиция бөлімшелері қызметінің түрлі мәселелері бойынша, оның ішінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша азаматтардың проблемаларын жедел шешу болып табылады. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жауап беруге, полицияға қызметке кіруге байланысты сұрақтар қоюға болады.

Науқан кезінде жедел желі телефоны әрекет етеді: +7-775-617-96-18.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша сенім телефоны: (8-7212) 42-93-39.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button