Қарағанды мұражайында зағип жандарға арналған көрме өтеді
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қарағанды тарихы. Қолмен ұстаңыз!» атты экспозиция ұйымдастырылады. Көрме көру қабілеті нашар адамдарға бейімделген. Іс-шара мұражай мен Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана арасындағы «Баршаға арналған мұражай” меморандумы аясында өтуде.
Осындай алғашқы жобаны кітапхана өз қабырғасында жүзеге асырды. Қарағанды тарихы бойынша 30 экспонат іріктеліп, екі көрме залы ашылды. Экспонаттардың әрқайсысына тифлокомментарий ілінді.
“Біздің оқырмандарымыздың көпшілігінде бала кезінен мүгедектік бар, сондықтан мұражайларға бару қиынға соғады. Өйткені, олардағы басты ереже – ештеңеге қол тигізбеу. Біз бұл стереотипті жойып, мұражаймен меморандум жасастық, – дейді арнайы кітапхананың жетекшісі Айнұр Шаймұханбетова.
Үш апта ішінде экспозицияға 60 адам келді. Бұл тек Қарағанды ғана емес. Көрмеге Абай, Теміртау, Шахтинск, Топардан Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері шақырылды.
Айнұр Шаймуханбетованың айтуынша, көрмеге келушілер жағымды әсер алды: таңдану, өткенге оралу. Экспозиция соңында бейнеролик жасалып, оқырмандар өз әсерлерімен бөлісті. Оларды тыңдай отырып, қарапайым заттарға қол тигізу олар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінесіз.
“Экспонаттарды «көру» мүмкіндігі пайда болғаны өте жақсы. Біз өткенге оралып, адамдар ол кездерде қалай өмір сүргенін, қандай заттарды қолданғанын білдік. Біз үшін бұл керемет болды. Осыған дейін патефон деген не екені қызық болатын, енді мен оны білемін”, – деп бөлісті арнайы кітапхананың оқырманы Эльмира Жұланова.
Көрмеге келушілер мұражайға баруды армандайды. Енді оларда мұндай мүмкіндік болады. Өлкетану мұражайында көрме 23 маусымда ашылып, 3 шілдеге дейін жалғасады. Алты залға кеншілер шаһарының тарихы туралы баяндайтын экспонаттар орналастырылады. Бұл Қарағанды көмір бассейнінің қалыптасуы, Ұлы Отан соғысы, репрессия жылдарындағы облыс және 1946–1980 жылдардағы Қарағанды.
“Басты шарт – негізгі экспонаттар тактильді қабылдауға ашық болатынында. Бұл арнайы ұйымдастырылған экскурсиялар болады. Ереже бойынша, бір топтың қатысушылары 5 адамнан аспауы керек”, – деп түсіндіреді арнайы кітапхана басшысы. – Біздің есебімізше, көрмеге 100-ге жуық адам келеді.
Анықтама телефондары: (8-7212) 56-45-63 (мұражай), (8-7212) 53-69-63 (кітапхана).
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі