Хабар

«Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы айналма жолдардың саны 94%-ға азайды

Биылғы жол-құрылыс маусымы аясында жалпы ұзындығы 363 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Қарағанды-Балқаш» күре жолы толық ауқымды жұмыстармен қамтылып отыр.

Күре жолдың барлық 8 телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әрбір телім бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, жұмыс кестесі бекітілді. Мәселен, биыл айналма жолдардың саны 94% – ға азайды. 70 шақырымнан астам асфальт төселді, сондай-ақ жасанды конструкциялар құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.

«Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырым болатын, қазір 9 шақырым ғана қалды. Сонымен қатар, ең нашар болып есептелген Қызылқой және Нұраталды ауылдары арасындағы учаскеде жұмыс жүргіздік. Мұнда екі жолақ бойынша қозғалыс аштық. Құрылыс жұмыстарын үш негізгі бағыт бойынша жүргізудеміз: айналма жолдарды жойып, көпірлер мен мал өткелдерін салу бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, асфальт төсеу жұмысы да қолға алынды. Қазіргі уақытта 260 шақырымда қозғалыс қамтамасыз етіліп отыр. Шарт талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2023 жылдың соңына көзделген», деп атап өтті «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.

Сонымен қатар, биыл арнайы техника саны үш есе, ал жол жұмысшыларының саны төрт есе артты. Мәселен, қазір құрылыс жұмыстарына 560 бірлік арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол маманы жұмылдырылды.

Жоба аясында 46 ірі жасанды конструкциялар (мал айдау, жол өтпелері, көлік айрықтары мен көпірлер) құрылысы қарастырылған – қазіргі уақытта бұл жұмыстар 65% – ға аяқталды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы басшысының айтуынша, өңірде жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын одан әрі дамыту үшін 19 демалыс алаңы дайын тұр. Бұл алаңдар болашақта жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарына айналмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қарағанды-Балқаш» трассасының бойында әрбір 100-150 шақырым сайын А және B санатына жататын 3 жол бойындағы сервис объектісі ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, күре жол құрылысымен айналысып жатқан құрылыс консорциумының құрамы қайта қаралды. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер CITIC Construction жалғастыруда.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button