Хабар

Жылжымайтын мүлікті үйде отырып тіркеуге қоюға болады

Алдағы уақытта жылжымайтын мүлік иесіне қатысты дерек өзгерген жағдайда ол проактивті түрде жүзеге асырылады. Аталған жаңашылдықпен Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бөлісті.

«Қазіргі уақытта ата-ананың келісімі бойынша балаға туу туралы куәлік беру проактивті қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік иесінің мекенжайын автоматты түрде өзгерту мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, мүлік иесінің тұрғылықты мекенжайы ауысқан жағдайда, дерек қорына автоматты түрде өзгеріс енгізіледі. Сол сияқты жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтер бойынша шарттар жасасу тәртібі оңтайландырылды. Яғни тұрғын үй сатып алғаннан кейін оның иесі Астана, Алматы және Шымкент қалалары және БҚО, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, және Жетісу облыстарының тұрғыны болса, онда коммуналдық қызметтер бойынша шарт жасасу туралы хабарлама SMS арқылы келеді», – Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ www.gosreestr.kz сайты арқылы ресімдеуге болады.

«Алдағы уақытта жылжымайтын мүлік иесіне қатысты дерекке өзгеріс енгізу проактивті қызмет арқылы жүзеге асыру жоспарлануда», – дейді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Б. Молдабеков елімізде адвокаттардың рейтингі жасалатыны туралыайтып өткен еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button