Хабар

Жылқыны қазақша атаудың 60 жолы

Қазақ тілінде бір мағынадағы сөзді әртүрлі жолмен атауға болады. Бүгінгі материалымызда жылқыға байланысты атаулар жүйесін ұсынамыз.

Тұқымына қарай: арғамақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлділ.
Шабысына қарай: арғамақ, жүйрік, қазанат, тұлпар, абы, сәйгүлік, тобышақ, саңылақ, текежәуміт, бәйге ат, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлділ.

Мініс аттары: жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға.

Салтанатқа мінетін аттар: аяқ ылау, жетек ат, қосақ ат, түп ат, көсем ат.

Өсуіне қарай былайша бөлінеді:

Құлын – биенің жас төлі.
Жабағы – 6 айдан асқан құлын
Тай – жылқының бір жастағысы.
Құнан – жылқының екі жастағысы.
Дөнен – жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті – жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

Ат – піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат – он бір -он екіге келген ат.
Арда емген – құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай – өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген – құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
Шобыр – мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат – құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе – піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

Бие – құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
Байтал – жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

Мама бие – өте сүтті бие.
Мәнерсіз бие – сүті аз бие.
Ақтандыр бие – сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
Исіншек бие – сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

Тұман қулық – үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Көбен бие – қонданып тойына бастаған бие.
Ақжілік бие – құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
Қаракемік бие – енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
Нәқұс (құтамсыз) бие – шаққан тегі нашар бие.
Құмай тұяқ бие – түяғы көп тасырламайтын бие.

Айғырлардың атаулары:

Жасамалы – үш-төрт жастан асқаны.
Сәурік – үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
Құр айғыр – өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
Сыңар ен – түмысында бір ен болып туған.
Шартық – екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
Азбан – алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Ақпарат көзі: stan.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button