Жеңіс Қасымбек заңсыз қоқыс үйінділерін жоюды жеделдетуді тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қоқысты уақытында жинау туралы еске салып, барлық рұқсат етілмеген үйінділерден арылуды талап етті.
“Тұрғындар шағымдарының басым бөлігі аулалар мен көшелердегі тазалыққа, полигондардың жағдайына және қоқыс шығаруға байланысты болып отыр. Бұл мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау қажет. Өткен жылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бірақ олар қайтадан пайда болуда. Бұл орындар ғарыштық бақылау арқылы оңай анықталады. Бізде барлық суреттер бар. Қала және аудан әкімдеріне рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді бір ай мерзім ішінде жоюды тапсырамын”, – деді өңір басшысы онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ қала сыртына және трассалар бойына тасталатын құрылыс қоқыстарына назар аударды. Облыс әкімі бұл фактілердің жолын кесуді және тәртіп бұзушыларды жазалауды талап етті.
Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековтың ақпараты бойынша, 2020 жылы өңірде космомониторинг арқылы 1 275 заңсыз қоқыс орны анықталған. Олардың барлығы жойылды. Биыл қалдықтарды орналастыруға рұқсат етілмеген 640 орын орнатылды. Олардың басым бөлігі облыс орталығында, Жезқазғанда, Бұқар Жырау ауданында орналасқан.
Бүгінде 113 қоқыс орны жойылды.
Сондай-ақ, өңірде ҚТҚ полигондарын заңдастыру жұмыстары басталды. Облыста осындай 202 полигон бар.
Жиналыста Senim 109 қызметінің базасында заңсыз қоқыс үйінділері бойынша тұрғындардың өтініштері үшін жедел желі ашу ұсынылды.
“Өңір басшысы табиғатты қорғау рейдтері мен экологиялық сенбіліктерді жалғастыруды тапсырды. – Біз халықтың ойлау қабілетін өзгертіп, балаларға үлгі көрсетіп, табиғатқа ұқыпты қарау керектігін үйретуіміз керек. Адамдардың экологиялық мәдениетін арттыру, ол үшін қоғамшылдардың, экобелсенділердің ресурстарын пайдалану қажет”, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі