Хабар
Жезқазғанда «Қазақмыс» кен байыту фабрикасында оқыс оқиға
Жезқазғанда «Қазақмыс» кен байыту фабрикасында жұмыскер қаза тапты
«Қазақмыс» өндірістік компаниясында тағы қайғылы жағдай орын алды. Мердігерлік мекеменің жұмыскерін Жезқазған кен байыту фабрикасының аумағынан кәсіпорынның қызметкерлері өлі күйінде тауып алды, деп хабарлайды BNews.kz.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 28 шілде күні орын алған.
«Жезқазған кен байыту фабрикасының аумағынан «Мехстройсервис» ЖШС мердігерлік компаниясының жұмыскері өлі күйінде табылды. Марқұм 1985 жылы туған дәнекерлеуші болып шықты», – деп мәлім етті «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.
Қазір кәсіпорын басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қайғылы оқиғамен арнайы комиссия айналысады.