Хабар

Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі ауыстырылды

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеу мерзімі «1 қазан» демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі 2022 жылғы 3 қазанға ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады.

Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button