Хабар

Жеңілдетілген автонесиеге электронды кезек желтоқсанда ашылады

Биыл желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электронды кезек іске қосылуы мүмкін.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда іске қосылуы жоспарланып отыр.

Бұл өтініш берушіге өтінімді электронды ресурста жіберіп, кейіннен қарыз берілген сәтке дейін ағымдағы мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электронды кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды.

Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі, – деп мәлім етті ведомстводан.

Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button